Ауғанстанда лаңкестік жарылыс: 12 адам көз жұмды

0
83

Ауғанстанның солтүстік-батысында лаңкестік жарылыс салдарынан 12 адам көз жұмды. Бұл туралы РИА Новости жергілікті полиция қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға жексенбі күні Ауғанстанның солтүстік-батысында орналасқан Генат провинциясында болды. Жарылғыш құрылғы микроавтобустың жанына орналастырылған.

Жарылыс салдарынан 12 бейбіт тұрғын оқиға орнында көз жұмып, тағы бір адам жарақат алды.

Аймақтағы ешбір лаңкестік топ өкілдері жарылысты өз мойнына алмады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз