Депутат: Әрбір үшінші мектепте кәсіби білімі жоқ аспаздар жұмыс істейді

0
41
Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова.

2020 жылдан бері мектеп жасындағы шамамен 425 бала тамақтан уланған. Әрбір үшінші мектеп асханасында кәсіби білімі жоқ аспаздар жұмыс істейді, 21,8 пайызының арнайы біліктілігі жоқ. Бұл туралы Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. 

Қазақстанда балалардың 58 пайызы анемияға шалдыққан, А дәрумені тапшылығы бар балалардың қатары 23 пайызға жеткен. Депутат осы орайда асханаларда біліктілігі бар аспаздардың аз екенін сынға алды.

“Білім беру мекемелеріндегі тамақтан сырқаттанып жатқандар қатары көбейді. 2020 жылдан бері мектеп жасындағы шамамен 425 бала тамақтан жаппай уланды. Басты себептер асхана қызметкерлері арасында ішек инфекциясының болғаны, медициналық тексеруден өту туралы құжаттарды қолдан жасау, объектінің санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының болмауы, азық-түлікті сақтау және өткізу шарттарының бұзылу жағдайы. Асханада жұмыс істейтін мамандардың біліктілігі мәселесі назар аударуды талап етеді. Әрбір үшінші мектеп асханасында кәсіби білімі жоқ аспаздар жұмыс істейді, 21,8 пайызының арнайы біліктілігі жоқ”, – деді Ақмарал Әлназарова. 

Депутат білім беру ұйымдарында таза ауыз суға қол жеткізу мәселесінің әлі де проблема болып отырғанын атап өтті. Дәл қазір мектеп оқушыларының 68 пайызы суды үйден әкеледі, шамамен 30 пайызы мектептен су сатып алады.

“Мектепте ішуге жарамды ауыз су болса, балалар қанты бар сусындардан бас тартады. Мұнымен қатар мектептегі тамақтану құнын есептеу барысында шикізаттық емес шығындар есепке алынбай отыр. Өнімді сатып алуға тікелей шығындар ғана ескеріледі. Бұл толыққанды және теңдестірілген мәзірді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді”, – деді ол. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз