Қазақстанда қызылшадан екі сәби қайтыс болды

0
52

Астаналық және өскемендік вакцинация жасына жетпеген екі сәби қызылшадан қайтыс болды. Бұл туралы бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп Kazaknews.kz тілшісі Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайтыс болған балаларға әлі бір жасқа толмаған. Олардың бірі шала туылған”, – деп түсіндірді Есмағамбетова.

Дәрігердің айтуынша қазіргі таңда өңірлік ауруханаларда 15 бала ауыр жағдайда. Олардың әрқайсысының жағдайы Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында.

Жыл басынан бері Қазақстанда 28 мыңнан астам қызылша ауруы тіркелген. Оның 83 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар, ал оның 80 пайызы вакцинацияланбағандар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз