Ұлыбритания жасөспірімдерге ғаламторды шектемек

0
23
фото: Pixabay

Ұлыбритания үкіметі 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерде отыруға тыйым салуы мүмкін, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Үкімет бұған дейін интернеттегі қауіпсіздік туралы заң қабылдап, оны бұзған компанияларға ірі көлемде айыппұл салуды ұйғарған. Балаларға зиянды контент көрсеткені үшін платформалар жаһандық кірісінің 10 пайызын төлеуге міндеттеледі.

Бірақ бұл аздық етеді деп шешкен биліктегілер енді 16 жасқа толмағандарға әлеуметтік желілерді пайдалануға шектеу қоймақ.

“Қазір осы мәселе бойынша ақылдасып жатырмыз. Болашақта балалар әлеуметтік желілерді пайдаланбас бұрын ата-анасының рұқсаты сұралатын болады”, – дейді Ұлыбританияның ғылым министрі Эндрю Гриффит.

Қайырымдылық ұйымдары мен белсенділер 2017 жылдан бері ғаламтордағы қауіпті контентпен қатаң күрес жүргізуге шақырып келеді. Балаларды қорғауға арналған қайырымдылық ұйымының пікірінше, кейінгі алты жыл ішінде ғаламторда балалар өміріне қауіп төндірген 35 мыңға жуық қылмыс тіркелген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз