Ұлыбритания дәрігерлері 6 күндік наразылық акциясын ұйымдастыруда

0
32
фото: Euronews.com

Ұлыбританияның интернатурада жүрген дәрігерлері 6 күндік наразылық акциясын ұйымдастыруда. Олардың басты талабы – жалақыны өсіру. Наразылықтың зардабын қарапайым халық шегуі мүмкін. Бұл туралы Kazaknews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлыбритания дәрігерлері егер билік олардың наразылығына құлақ асар болса дереу жұмыстарына оралуға әзір. Алайда, билік олардың талабына әзірге жауап бермеді.

Ереуілге негізінен мансабын енді бастаған кіші маман дәрігерлер шыққан (олардың медициналық мекемелер штатындағы үлесі шамамен 50% құрайды). Олар, жалақыны 35 пайызға арттыруды талап етуде. 

Бұл алты күндік ереуіл, Ұлыбритания ұлттық денсаулық сақтау қызметі тарихындағы ең ұзақ ереуіл болып, мыңдаған дәрігерлік қабылдау мен медициналық операцияларға кедергісін тигізеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз