Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына өтті.

Турнирдің 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 30-ракеткасы, бельгиялық Элизе Мертенспен шеберлік байқасты.

Бұған дейін қарсыластар өзара төрт мәрте кездессе, соның үшеуінде Елена жеңіске жеткен еді.

Мертенс спорттық жолында үш рет жұптық сында “Үлкен дулыға” турнирінің жеңімпазы атанған тәжірибелі теннисші болатын.

Бұл жолы бірінші партияда қос брейк жасаған Рыбакина айқын басымдық танытты — 6:1. Қазақстандық спортшы екінші сетті де брейкпен бастады — 2:0. Тағы бір брейк — 3:0. Ақыры матч нүктесін өзі доп бергенде қойды — 6:0.

Рыбакина доданың жартылай финалына шығу үшін ресейліктер, әлемнің 16-ракеткасы Вероника Кудерметова немесе рейтингте 28-сатыдағы Анастасия Потапованың біреуімен таласады.

Елена Рыбакина әлемнің үздік он теннисшісінің қатарына енді

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз