Қазақстанда 1 қаңтардан бастап ҚР СТ 1412-2017 “Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары” ұлттық стандартына толықтырулар енгізілді.

Яғни газ баллондарымен жабдықталған автомобильдер “GAS” деген жазуы бар сары теңбүйірлі үшбұрыштың сәйкестендіру белгісімен таңбалануы тиіс.

Бұл белгі жабық тұрақтард кірген кезде көлік оңай танылатындай етіп орнатылуы қажет. Бұл қауіпсіздікті ескере отырып қабылданған қарар.

Осыған байланысты Түркістан облысының полицейлері автокөлік жүргізушілерін тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осылайша тәртіп сақшылары облыс орталығында автокөліктерді тоқтатып, газ баллон жабдығы бар автокөлік иелеріне тану белгісін орнату қажеттігі туралы айтты.

Талапты орындамаған жүргізушілер арнайы хаттама толтырып, үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз