4-5 қаңтар аралығында Қазақстанның әр өңірінде жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. “Білім-инновация” ХҚҚ мектептерінің шәкірттері олимпиададан жалпы саны 1338 медаль иеленді.
Осылайша, биылғы пән олимпиадасының нәтижесі бойынша БИЛ оқушылары әдеттегідей оқ бойы озық шығып, өз рекордтарын тағы да жаңартты.
БИЛ шәкірттерінің жалпы медаль саны 1338. Өткен жылмен салыстырғанда қосымша 76 медальға артық иеленген БИЛ оқушылары 383 алтын, 457 күміс және 498 қола медаль жеңіп алды.
Сапалы білім мен саналы тәрбиенің құтты мекеніне айналған білім ордалары өз жетістіктерінің сыры ретінде ұстаздары мен шәкіртерінің жеңіске жету жолындағы қажырлы еңбегі мен ата-аналары және жанашыр жандардың қолдауын ерекше атап өтті.
Оқи отырыңыз: Түркістанда жаңа “Білім-инновация” лицейі ашылды