FIRST Tech Challenge робототехника бойынша ашық ойындар Индонезияның Депок қаласында өтті.
Жарысқа 5 елден 30 команда қатысты. Чемпионатқа Қазақстанның намысын қорғауға Алматы қаласынан «124» командасы аттанған.
Қазақстандық оқушылар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген 150 жас робототехника жасаушылармен бірге бірнеше күн бойы өз жұмыстарымен бәсекеге түсті. Нәтижесінде ел құрамасының қоржыны 7 жүлдемен толықты:
«124» командасы:
1 орын – Control award;
3 орын – Think Award;
3 орын – Connect Award.
9-11 сынып оқушыларынан құрылған «124» командасының құрамында: Алдияр Жұмаділ, Илияс Әуезхан, Әлімжан Раев, Гауһар Жанас, Лаура Тоқтағали – №124 ЖББМ, Айханым Шамшадин, Арай Ержанқызы, Әлрахат Ұмытхан, Мерас Медғат – №81 мектеп-гимназия, Томирис Оңғарбек – №206 мектеп-гимназия, Әсел Үмбет – №178 лицей, Мира Демеуғалиева – №200 мектеп-гимназиясының оқушылары бар.