Былтыр қыркүйектен бастап 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50%-ға өсті. Биыл 300 мың студенттің шәкіртақысы тағы 50%-ға ұлғайтылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Орта буын мамандықтары студенттері қазіргі 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі”, – деді техникалық және кәсіптік білім басқармасының бас сарапшысы Дархан Сатанов.
Сондай-ақ, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге әлеуметтік қолдау: тамақ пен жолақы беріледі. Еліміздегі колледждерде барлығы 542 мың студент оқиды, оның 344 мыңы тегін техникалық және кәсіптік білім алуда.