Менің сүйікті кітабым

0
7
фото: google

Әр адамның жүрегінде ерекше орын алатын сүйікті кітабы болады. Менің қазіргі таңда сүйікті кітабым — «Брида». Көп кітап оқымасам да, дәл осы шығарма менің өмірге деген көзқарасымды түбегейлі өзгертті.

«Брида» — атақты жазушы Пауло Коэльоның туындысы. Кітап өте ерекше сюжетпен жазылған, оқырманды бірден баурап алып, өзін-өзі тануға және терең ойларға жетелейді. Шығарманың негізгі идеясы — адамның өзін іздеуі, өмір жолын табуы, қиындықтарды жеңуі және рухани күшке ие болуы.

Кітаптың басты кейіпкері — Брида есімді қыз. Ол өз болмысын тереңірек түсініп, өмірдегі өз жолын табу үшін үлкен сапарға аттанады. Бриданың өмірді тануға деген ұмтылысы, батылдығы мені қатты шабыттандырды. Ол әлемді танып-білу арқылы тек жүрегінің үнін тыңдауды ғана емес, сонымен қатар алға ұмтылуды, өзіне сенуді үйренеді. Маған дәл осы қасиеттері ерекше ұнады.

Пауло Коэльоның көптеген танымал шығармалары бар. Мысалы, мен алдағы уақытта «11 минут» романын оқығым келеді. Бұл шығармада өзін табу, әйел болмысы және өмірдің қиындықтарын жеңу тақырыптары қозғалады. Сонымен қатар автордың «Алхимик»«Захир» секілді кеңінен танылған еңбектері де бар.

«Брида» кітабын оқи отырып, адам өз арманы мен мақсатына тек өзіне сену арқылы ғана жете алатынын түсіндім. Бұл шығарма маған өз-өзіме деген сенімді арттырып, өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ екенін ұғындырды. Сондықтан да «Брида» мен үшін тек кітап қана емес, өмірлік сабақ берген құнды туынды болды.

Аяулым Жұмабай
11-сынып оқушысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз