Телефонды тиімді пайдалану: пайдалы қосымшалар тізімі

0
9
фото: google

Ұялы телефон – тек байланыс құралы емес, күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі. Біз онымен 24/7 біргеміз. Ол арқылы оқимыз, жұмыс істейміз, демаламыз, әрі ақша тауып,шабыт іздейміз. Бірақ ең маңыздысы – телефонды тиімді пайдалану. Бос уақытымызды бізге қажет емес дүниемен өткізіп алмау. Қазіргі таңда жастар жиі қолданатын қосымша түрлері орасаң зор.

Олардың тиімді пайдалану жолдарын тізіп айтатын болсақ:

ChatGPT — ақылды көмекші,креативті генератор

“ChatGPT” бүгінде жастар арасында ең көп қолданылатын цифрлық құралдардың бірі. Бұл жасанды интеллект,ойыңызды жүйелеуге, мәтін жазуға, жоспар құруға, тіпті шығармашылық шабыт табуға көмектеседі.

Мысалы:

– Эссе немесе мақала жазуға әртүрлі кеңес пен нұсқаларды ұсынады;

– Сөйлем құрылымын дұрыстап, грамматиканы тексереді;

– Күрделі тақырыптарды қарапайым тілмен түсіндіреді. Тіпті моральді тұрғыда сізге қолдау бола алады.

Бір сөзбен айтқанда, ChatGPT – өмірді бір қадамға жеңілдететін қосымша. Оны тиімді пайдалану тіпті оңай. Бастысы мақсат пен еңбекқорлық өз түпсанаңызда қалу керек.

Notion — ойды реттеу және жоспар құру ортасы📚

Бұл қосымша бүкіл дүниені тұрақты жерге жинайтын кеңістік. Мұнда оқу жоспар,жеке мақсат, шабыт келген толқынды ашып жазуға болады.

Жастар оны көбіне оқу материалдарын сақтау,апталық күнтүзбе жоспар,мотивациялық трекер жүргізу үшін қолданады. ”Notion”-ді ұсыну себебі – барлығы жүйелі әрі оңай, ал дизайн – минимализм мен эстетиканың үлгісі. Бұл не десекте ,қазіргі заманның талабы екеніне бәрімізге мәлім.

Pinterest — жеке тұлғаның шабыт пен эстетика әлемі

Pinterest – тек сурет іздеу емес, өзіңнің визуалды әлеміңді құрудың жолы. Дәл осы шарт әр адамның телефонында бар немесе болу керек құрал. Себебі,қосымша адамның миын әрқашан шабытпен эстетикамен сусынд ырады. Шабыт арқылы-адам мақсат қояды. Яғни өз армандарына жетудің визуалды көрінісі.

Мысалы, оқу бұрышының идеясын, фотосессия шабытын немесе жеке стиль бағытын сол жерден табуға болады.

Pinterest көмегімен өз эстетикаңды дамытып,мәдениеттілігіңді көтеруге болады.

Spotify — музыка мен мағыналы сәттер

“Spotify”- басында әуен мен өлеңдер хикаясы болған талғам.Бірақ,қазіргі таңда еркін подкаст форматы дамығандықтан жас ұрпақтың көңілі соған бұрылды. Олар енді “Youtube” қосымшасынан бөлек,подкасттардың аудио жазба түрін “Spotify” – да шексіз уақыт пен талғамға қарай тақырыптарды тыңдай алады. 

Мысалы, таңертең “Focus” плейлистін қосып, сабаққа дайындалуға болады, ал кешке “Calm” парақшасын ашып миды сергітіп,демалып алуға болады

Сондай-ақ көптеген танымдық подкастар бар — білім, психология, даму тақырыптарында.

Canva — креатив пен визуалды дизайн құралы

”Canva” бүгінде ең танымал әрі ыңғайлы дизайн жасау платформаларының бірі. Онда Instagram сторис, пост, портфолио немесе мектеп жобасын жасауға болады.Ешқандай тәжірибе қажет емес — дайын шаблондар жеткілікті.Көптеген блогерлер өз эстетикасын дәл осы қосымша арқылы қалыптастырады.Қазір ”Canva” — ұстаз бен шәкірттің де ортақ көмекшісі.

Телефон – уақытыңызды жоятын құрал емес. Оны басқаруды үйренсеңіз ол дамудың құралына айналады.

ChatGPT-ден білім іздеп, Notion-да жүйе құрып, Pinterest-тен шабыт алып, Spotify арқылы көңіліңізді жайып, Canva арқылы креативті жүзеге асыруға болады.Қазір телефон – тек экран емес, ол мүмкіндіктің кілті.Бастысы, уақытты тек тұтынуға емес, дамуға жұмсау.Өйткені уақыт – ең құнды ресурс, ал оны тиімді пайдаланған адам өз болашағын өзі қалыптастырады.

Аружан Ереже

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз