Жасанды интеллект және көлік индустриясының жаңа дәуірі

0
7
фото: google

1980 жылдардан бастап жасанды интеллект (ЖИ) адам өмірінде белсенді дамып келеді. Балалардан бастап жастар мен ересектерге дейін бұл технология кеңінен қолданылуда. Қазіргі таңда ЖИ өміріміздің көптеген саласына енді: білім беру, медицина, өнер және, әрине, көлік индустриясы.

Жасанды интеллекттің көлік индустриясындағы рөлі қандай?

Жасанды интеллекттің түрлері әртүрлі: General AI, Reactive Machines, ChatGPT және тағы басқа. Көпшілігі білім мен зерттеуге бағытталса, кейбірі нақты салаларда – мысалы, көлік индустриясында – шынайы практикалық қолдануға ие. Автономды көліктер адам қатысуынсыз өздігінен қозғала алады және бұл салада шынайы революция тудырды.

Көліктегі ЖИ тарихы 1900–2000 жылдар аралығында бастау алады. Mercedes-Benz компаниясы мен Bundeswehr University Munich зерттеушілері эксперименттік автономды көліктерді ұсынды. Сол көліктер камера арқылы жолды тану қабілетіне ие болып, 100 км/сағ жылдамдықпен қозғала алды. Бұл сол кезеңдегі үлкен табыс болып саналды.

Артықшылықтары

  1. Қауіпсіздік: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сәйкес, жол апаттарының 90%-ы адам қателігінен туындайды. Автономды көліктер жолдағы кедергілерді миллисекунд ішінде анықтап, шешім қабылдайды, осылайша адам өмірін сақтайды.
  2. Ыңғайлылық: ЖИ жүргізушінің жұмысын жеңілдетіп, қозғалысты тиімді басқарады.
  3. Экологиялық тиімділік: Автономды көліктер қозғалысты оңтайландырып, отын шығынын азайтады, қоршаған ортаға әсерді төмендетеді.

Кемшіліктері

  1. Техникалық ақаулар: ЖИ бағдарламалары немесе сенсорлары істен шығуы мүмкін, сондықтан жүйелерді мұқият тексеру қажет.
  2. Қауіпсіздік мәселелері: Бағдарламалар хакерлік шабуылдарға ұшырауы ықтимал, бірақ мұндай жағдайлар сирек кездеседі.
  3. Заңдық және жауапкершілік мәселелері: Автономды көлік апат жасаған жағдайда, кінәлі кім? Жүргізуші ме, әлде бағдарлама ма? Бұл мәселе әлі нақты шешімін тапқан жоқ.

Жасанды интеллект көлік индустриясына жаңа дәуір әкелді. Оның жетістігі тек техникалық даму ғана емес, сонымен бірге қауіпсіз, ыңғайлы және экологиялық таза болашаққа жол ашуы болып табылады. Алдағы уақытта ЖИ технологиясын тиімді және жауапкершілікпен пайдалану – қауіпсіз көліктің, дамыған қоғамның және инновациялық экономикасының кепілі.

Аружан Ануарбекова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз