Адам санасы көргені мен естігені арқылы қалыптасады. Ал қазіргі қоғамда ең көп көрілетін дүние — кино мен медиа. Экрандағы оқиғалар, кейіпкерлер мен идеялар жастардың ойлау жүйесіне тікелей әсер етеді. Сондықтан кино мен медианың жас ұрпаққа тигізер ықпалын түсіну — маңызды міндеттердің бірі.
Бір бейне – бірнеше сәттің мазмұның көрсетеді. Бір кадр – әртүрлі оқиғалардың іргесі болуы мүмкін. Бұл жасөспірімнің қиял-ғажайыбының шексіз дамуының үлкен үлесі. Қиял бар жерде психология тереңде жатады. Ғажайып арқылы адам психологияға көп баулиды. Әрине осы тұста жасөспірімнің мінез-құлқысы да тақырыпта қозғалады. Экран бейнелеріндегі кейіпкердің образы экран ар жағындағы көрерменнің ішкі сырын ашуы мүмкін. Сол бейнеде көрермен өз кейіпін сырттай көргендей сезімде болады. Бұл өміріндегі жағдаятқе басқа қырымен қарауға түйін береді.
Әлемде шыққан және шығып жатқан кинолардың саны миллионнан асады. Соның ішінде Қазақстанда бір жылдың ішінде 90-200-ге жуық әртүрлі жанрда кино түсіріледі. Жылына 100-ден асса,бір ай ішінде орта есеппен 7-30-ға дейін премьералар өтеді. Олардың ішінде көрерменге біреуі негативті, кейбіреуі позитивті әсер беруі әбден мүмкін. Жастар санасы дәл осы екіұшты ықпалдың ортасында қалыптасады. Кино мен медиа бір мезетте тәрбие құралы мен сынақ алаңы секілді. Бір фильм үміт сыйлап, адамға өзіне сенуді үйретсе, енді бірі өмірді тым қатал, суық қырынан ғана көрсетіп, жас көрерменнің ішкі әлеміне күмән ұялатады. Экрандағы кейіпкер сезімсіз өмірге шынайы қараудан кері бергенімен,, оның әсері уақыт өте келе мінезге, таңдау мен көзқарасқа айналады.

Қазіргі жасөспірім кейде өмірді кітаптан емес, кадрдан ұғынады. Ол кейіпкердің әрекетін ақтап, оның шешімін өзіне үлгі етеді, тіпті оның қателігін дұрыс шешімге айналдырады. Фильм нешетүрлі жанрда түсірілгенімен,өмірді бар кейпінде көрсететін сапалы бейнелер санаулы. Саны көп болғанымен сапасы бар өте аз. Киноның өмірі мінсіз болып көрінгенімен,адам өмірінің тағдыры жауапкершілікке,сабырлыққа,шешімге толы болады. Осы тұста медианың ықпалы байқалады: жас көрермен дайын эмоцияны қабылдайды, бірақ оны сүзгіден өткізуге дағдыланбаған.
Бірақ,киноны тек қауіп көзі деп қарастыру біржақты пікір болар еді. Сапалы фильмдер адамды ойландырады, сұрақ қоюға мәжбүрлейді. Ол жасөспірімді өз-өзімен диалогқа шақырады, қоғамдағы мәселелерге бейжай қарамауға үйретеді. Кейде бір ғана көрініс адамның ішкі түйсігін оятып, өмірге деген көзқарасын өзгертуі мүмкін. Мұндай әсерді ешқандай құрғақ насихат алмастыра алмайды.
Сондықтан басты мәселе – медиа өнерімен тұтыну мәдениетінде. Жас ұрпақ көргенін сол күйі қабылдамай, талдай алуы керек. Экрандағы оқиға – дайын шындық емес, автордың көзқарасы екенін түсінгенде ғана медиа сананы емес, саналы ойды қалыптастырады. Бұл жерде отбасының, мектептің, тіпті қоғамның рөлі зор. Себебі жас көрерменге «нені көру керек?» деп тыйым салу емес, «көргеніңді қалай түсіндің?» деп сұрақ қою маңызды.
Кино мен медиа – жасөспірім санасының айнасы да, бағыты да бола алады. Айнада адамзат өз өмірчяя. бейнесін тұтса, бағытта ол қайда бет алатынын аңғарады. Ең бастысы, экран жас ұрпақтың ойын тұмшаламай, керісінше, тереңдетуге қызмет етсе, онда кино мен медианың қоғамдағы орны шын мәнінде құнды болмақ.
Аружан Ереже
11-сынып оқушысы



























































