Мен оқыған кітап

0
33
photo: google

Күз мезгілінің кештері салқын желмен өрбуде. Қала студенттердің қадамына күн сайын толып жатыр. Әр адамның ойы жеке тағыдырмен байлауда. Жол жөнекей кітапхананың ішіне қарасаң,үлкені болсын кішісі болсын адамдармен әбден толы. Білімге тартылатын ұрпақты көрсем ішімдегі шабыт өз бетімен ашыла кетеді. Сөйтіп қана кітапты қолыма алып, Қаныш атамыз туралы мемуарды қызығушылықпен ақтара жөнелдім. 

Осы қызығушылық мені Қаныш Сәтбаев туралы жазылған еңбектердің біріне алып келді. Қолымдағы кітап — Санжар Керімбайдың «Қаныш және ғылыми майдан» атты зерттеу еңбегі. Санжар Керімбай — «Отбасы хрестоматиясы» жобасының жетекшісі, ұлттық тұлғаларды терең зерттеумен айналысатын автор. Кітаптың жазылуына Медеу Сәрсекенің «Қазақтың Қанышы» еңбегі әсер етіп, Қаныш Сәтбаевтың тағдырын ғылыми әрі тарихи қырынан ашуға жол салған. 

Қаныш Сәтпаев – Қазақ елінен шыққан тұңғыш академик,геолог,профессор,ағартышу. Қаныш Сатпаевтің атын мектеп пен көшелерге тиіп қойғанымызбен,оның нағыз ұлы тұлға екенің біру білсе біреусі мүлдем білмейді. Осы кітаптың тармақтарын зерттей оқып,Қаныш атамыздың қырын,мінезін басқа тұстан біле алдым. 

Оқиғалар желісінде Қаныш Сатпаевтің ішкі құндылығын тереңірек білу үшін Қарсақбай кентінде барлау жұмыстары барысында жұбайы Таисия Кошкина ханымға жазған хаты бар еді. Ол хатта: “Өмір – күрес мектебі. Оған көрген түстей жеңіл қарауға болмас; Менің тұлғамды жеткілікті білесің: мен қазақпын. Жаратылысым да, жаным да қазақ. Болашағымды Қазақстанда өткізбекпін: бұл жолда айға қол созған арманға беріліп, асқақтаудан адамын.” деп жазды. Бұл эпизод Қаныштың елі үшін халқы үшін барына дайын екенінің айрықша көрінісі. Оның өмірді «күрес мектебі» деп бағалап, оны жеңіл утопия ретінде емес, өрлеуі мен құлдырауы қатар жүретін шынайы сынақ жолы ретінде қабылдауға шақырады. Ол жеке тыныштық пен жайлы тұрмыстан гөрі, рухани күрес пен елге қызмет етуді биік қояды. Қаныш Сәтбаевтың бұл көзқарасы оның іс-әрекеттерінен де анық байқалады. 

Ғылым саласында да Қаныш батылдардың бірі болды. Кеңестік идеологиялық қысым кезеңінде ҚАЗАҚ Академиясын ашу бұл оңай шаруалардың қатарында емес. Тіпті әлде ел ұлы отан соғысынан кейін өз қалпына әрең келуде еді. Қаныштың бұндай батыл қадам жасауы қазақ халқының тарихын қарқынды дамуға сілкіп жіберді десе де болады. Академия ашылғансоң бірден ішінен тәуелсіз «Хабаршы» ғылыми журналын ашылуы — ғылымды партиялық ықпалдан арашалауға жасалған маңызды ақпарат  болды. Бұл басылым арқылы ұлттық тарих пен мәдениетке қатысты зерттеулердің ашық жариялануына жол ашылды.

Кітапта көтерілген негізгі мәселе, ғылым мен рухани жауапкершіліктің, жеке таңдау мен ұлттық мүдденің арақатынасы. Бұл тақырып бүгінгі өмірмен тікелей байланысты, өйткені қазіргі қоғамда да адамға ыңғайлы жолды таңдау қиын, бірақ мәнді әрі ақылға салған жолдың бірін таңдауға тура келеді. Қаныш Сәтбаевтың өмірі жеке пайдадан гөрі ортақ болашақты ойлаудың маңызын көрсетіп, бүгінгі ұрпақты саналы таңдау жасауға үндейді. Айтылған эпизодтар  Қаныш Сәтбаевтың тек ғалым ғана емес, ұлтының рухани тірегіне айналған кемел тұлға екенін дәлелдейді. Оның әрбір шешімі мен бастамасы қазақ халқының келешегін ойлаудан туған. 

Академик атамыздың «біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр» деген сөзі мен үшін бұл кітаптың негізгі түйініне айналды. Мен Қаныштың өмірі арқылы білімнің тек жинақталған ақпарат емес, үздіксіз еңбек пен жауапкершілік арқылы ғана мәнге ие болатынын түсіндім. Осы кітапты оқи отырып, мен де өз білімімді өмірмен ұштастырып, қиындықтан қашпай, мағыналы жолды таңдаудың қаншалықты маңызды екенін ұқтым. Өйткені еңбекпен шыңдалған білім ұрпақты да ұлтты да жетелейді.

Аружан Ереже
11-сынып оқушысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз