Баға үшін оқу – білім бе?

0
55
фото: google

Қазіргі кезде мектептердің ең басты өлшемі ол- баға. Яғни, оқушы бес алса- үздік, төрт алса- орташа, үш алса- әлсіз. Ал осы бағалардың артында баланың шынайы білімі жатыр ма, жоқ әлде уақытша жатталған ақпарат жатыр ма? Бағаның астарында нақты білім бар ма деген сұрақ көпшілік қауымды қызықтырады.

Ащы шындық көп оқушы үшін оқу- ол өзі үшін емес, сынып арасында мықты болу үшін ұйымдастырылған жарыс секілді. Олардың мақсаттары өздері үшін жаңа ақпарат алу емес, жай жақсы баға алу ғана. Ережері жатталады, тесттеріне дайындалады, бақылау жұмыстары жазылады, ал кейін бәрі ұмытылады. Жаттанды білім ұзаққа бармайды. Ондай ақпараттар санада сақталып қалмайды, тек белгілі бір қысқа мерзімге есте қалады.

Баға үшін ғана оқитын оқушылар қоғамда өз ойын еркін білдіруге қорқатын тұлға болып қалыптасады. Ол нәрсе мектеп қабырғасынан бастау алады. Себебі олар төмен баға алып қалмау үшін өз жауаптарын айтуға қысылады.Қателесу- артқа шегіну сияқты сезіледі. Соның салдарынан оқушы сұрақ қоюдан,өз пікірін еркін жеткізуден тайсақтайды. Ал ойланбай, сұрақ қоймай алған білім- таза білім емес.

Шынайы білім оқушыны өзгертеді. Ол ойлауға, дәлелдеуге, салыстыруға, өз позициясын ұстауға үйретеді. Мұндай білім шыны керек бағаға тәуелді емес. Иә, кейде баға төмен болуы мүмкін, дегенмен түсінуі терең болады. Төмен бағаны алған оқушы неге ол ондай бағамен бағаланғанын, не нәрсені тереңірек зерттеп, оқымағанын түсіне білуі керек. Алайда, өкінішке қарай, қазір еліміздің оқыту жүйесі бұл схемамен жұмыс атқармайды.

Баға – тек құрал. Төмен баға оқушының түкке қабілетінің жоқ екенін, ал жоғары баға оның мықты екенін, қабілетінің күшті екенін дәлелдемейді. Баға баланың деңгейін тек шамамен көрсетеді , себебі бойындағы қабілетін, қызығушылығын, ойлауын толық ашпайды. Егер оқу тек баға үшін болса, онда білім өз мақсатына жетпейді.

Сондықтан қойылатын ең басты сұрақ: біз балаларымызды жақсы баға алуға үйретіп келеміз бе, әлде жақсы ойлауға, ақылды азамат болуға ма? Өйткені баға уақытша ғана, ал білім- ол өмірлік.

Толғанай Темірханова, 11-сынып оқушысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз