Ата-анамен қарым-қатынастың маңыздылығы

0
31

Бала дүние есігін ашқаннаң, өмірінінің соңына дейінгі ең жақын адамдары – ата-анасы. Баланың тұлға болып қалыптасуына, өмірге деген көз-қарасына ата-анасымен қарым-қатынасы ерекше рөл атқарады. 

Ең алдымен әке-анасымен дұрыс қарым-қатынас баланың психологиясына әсер етеді. Үйінде жылулық пен қолдауды сезініп өскен бала өзіне сенімді,ашық болы өседі. Өзімізде аналарымыздаң сөз естіп қалған кезде мүлдем көңіл-күйіміз болмай кетеді. Ал сондай қарым-қатынасты күнде көретін балалар өзін жалғыз сезініп,күйзеліске ұшырайтыны айқын. 

Сонымен қатар,ата-анамен ашық сөйлесе білу де маңызды. Және тыңдап,қолдай алатын тарап болса – өзара сенім пайда болады. Бала мен отбасының арасы – кіші күнінде бала, есейгенде дос сияқты болуы керек. Неге сөйлесу жайлы көп айталады? Себебі, ата – ана баланың өмірін есейгенше толық білу керек. Қате кеткен кездерінде барынша ақылдарын айтып,қолдай білу дұрыс. Ата-ананың ақылы мен үлгісі баланың болашақта дұрыс таңдау жасауына көмектеседі.

Бірақ , барлығын ата-анаға да ысыруға болмайды. Біздің әке-аналарымызда бірінші рет өмір сүруде, алғаш рет ана – ана рөлінде. Ол кісілер де қателесуі, көңіл – күй болмағанда ұрысуы мүмкін. Ондай жағдайларда керісінше біз ол кісілерге көмектесіп,қолдауымыз керек. Егер екі тараптаң да түсіну,қамқорлық,махаббат болса – нағыз бақытты отбасының үлгісі болады. 

Осы мақаланы оқып отырған адамға жеткізеріміз – мейілінше отбасыңызбен уақыт көп өткізіңіз.Есейе келе өміріміз тек жұмыс,оқудан құралып, ең қымбат адамдарымызды ұмытып кетеміз. Бақытты сырттаң іздеп жүрген кезде, ол бақыт үйде екенің ұмытып кетеміз. 

Баланың өмірінде – әке-анасы,үлкендердің өмірінде – бала ерекше рөл атқарады. Ата-ананы қадірлеу, олардың еңбегін бағалау – адамдықтың ең биік көрінісі. Ал ата-ана үшін баласының бақытты, сенімді, дұрыс жолда жүргенін көру – ең үлкен жетістік. Сол себепті екі тарап бір-бірін түсінуге, тыңдауға және қолдауға ұмтылуы керек.

Өйткені бақытты отбасы – бақытты қоғамның негізі.

Сабина Бекболат
11-сынып оқушысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз