Қазіргі заманда ұялы телефон – жай байланыс құралы емес, ол қыздың көмекшісіне,күнделігіне айналды. Дұрыс таңдалған қосымшалар уақытты үнемдеп ғана қоймай, денсаулықты бақылауға, сұлулықты ашуға, стильді қалыптастыруға және өз-өзіңе деген сенімді арттыруға көмектеседі. Төменде әр қыздың телефонында болуы керек пайдалы батырмалар жайлы айтамыз.
Dazz Cam — эстетика мен сұлулықты кадрға түсіру.
Dazz Cam — жай камера емес, бұл эстетика. Әр қыз өзін әдемі көргісі келеді. Ал әдемі фото өз-өзіңді жақсы көрудің бір көрінісі. Бұл қосымша қыздардың әдемі, ерекше түсіруіне мүмкіндік береді. Пленка эффектілері, жұмсақ түстер, атмосфера – фотоларды көз тартарлық етеді.Instagram, Pinterest стиліндегі фотоларды ұнататын қыздар үшін қажет қосымша.
Flo — қыздар денсаулығына арналған ең маңызды қосымша.
Flo-әр қызға керек қосымша. Себебі әр қыз өз денсаулығын бақылап отыруы керек. Және бұл жерде тек циклдарды біле қоймай, сонымен қатар гормондар туралы, қыз организміне қатысты көптеген пайдалы ақпараттарды біле аламыз. Қыз өз денесін жақсырақ түсіне бастайды, өзгерістерге дайын болады. Бұл – өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың бір қадамы.
Pinterest — стиль мен шабыт көзі
Pinterest — образдар құрастыруға, стиль табуға, визуалды ойлау қабілетін дамытуға арналған қосымша. Визуал – ойдың айнасы. Не көрсең соған ұмтыласың. Мұнда киім үйлестіру, макияж, шаш үлгілері, пайдалы өмір салты – бәріне идея табуға болады. Pinterest эстетиканы дамытуға, өз стиліңді табуға көмектеседі.
Золотое Яблоко — күтім мен сұлулық бір жерде.
Золотое Яблоко — қазіргі кездегі ең танымал косметика және уход дүкендерінің бірі. Мұнда бетке, шашқа, денеге арналған барлық күтім құралдарын табуға болады. Алайда ұмытпаймыз, бояудаң бірінші тұратын – күтімділік.
Подкаст тыңдау – қыздарға арналған пайдалы әдет.
Өз – өзімізге күтім жасап жатқан кезде пайдалы,қыздарға арналған подкасттарды көруге кеңес беремін. Қыздар подкастында өзіне сену, ішкі сенімділік, сезімдерін түсіну,күтім, эстетика және күнделікті әдеттер туралы әңгімелер қозғалады. Сұлулық тек сыртпен шектелмейді. Ішкі сұлулық өзімізге әсер ететін ең бірінші дүние.
Әр қыз өз өмірінің ханшайымы. Денсаулыққа көңіл бөліп, пайдалы батырмаларды пайдаланып, күнделікті өмірді жеңілдетуге болады. Бір swipe – жаңа мүмкіндік.
Сабина Бекболат
11-сынып оқушысы




























































