Қазіргі заманда жасөспірімдердің психологиялық хал-жағдайына ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл кезең – адамның мінез-құлқы, өзін тануы және қоғамдағы рөлін қалыптастыратын маңызды уақыт. Осы кезеңде жасөспірімдер түрлі психоэмоциялық қиындықтарға тап болады, олардың ең кең тарағаны — стресс. Стресс — адамның ішкі мүмкіндіктері мен сыртқы талаптар арасындағы тепе-теңдік бұзылған кезде туындайтын психикалық кернеу.
Жасөспірімдердегі стресс көбінесе оқудың ауыр жүктемесінен, ата-ана немесе достармен түсініспеушіліктен, өзіне сенімнің төмен болуынан, әлеуметтік желідегі қысымнан немесе болашаққа деген белгісіздіктен туындайды.Бұл факторлар психикалық тұрақтылыққа әсер етіп, эмоционалды күйзеліс, ашушаңдық, ұйқының бұзылуы немесе өзіне-өзі тарылып кету сияқты көріністерге әкелуі мүмкін.
Жасөспірімдер үшін психологиялық қолдау аса маңызды. Ата-ана, мұғалім немесе психологтың қолдауы баланың сенімін арттырып, ішкі күйзелісін азайтады.
Дұрыс күн тәртібі, жеткілікті ұйықтау және дене белсенділігі гормоналды тепе-теңдікті қалпына келтіріп, психикалық жағдайды жақсартады.
Хобби мен қызығушылықтарға уақыт бөлу – эмоцияны реттеуге көмектеседі. Мысалы, музыка тыңдау, сурет салу немесе спортпен айналысу көңіл-күйді көтереді.
Сонымен қатар, әлеуметтік желі мен ақпарат ағынын шектеу маңызды. Кейде экраннан үзіліс алу стресс деңгейін төмендетеді.
Қорытындылай келе, өз сезіміңді ашық білдіру – ең тиімді тәсілдердің бірі. Сөйлесу, жазу немесе сенетін адамға бөлісу ішкі күйзелісті азайтып, психикалық саулықты нығайтады
Алуа Авчкур,
10-сынып оқушысы




























































