МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ

0
52

Әрбір мектеп түлегі болашақта өзіне қуаныш пен қанағат сыйлайтын мамандықты дұрыс таңдауды армандайды. Ал таңдаған жолынан көңілі қалмас үшін не істеу керек? Осы маңызды сұрақтарға жауап беру мақсатында 13 наурызда Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Операторлық өнер, дыбыс режиссурасы және арт-менеджмент» кафедрасы Астана қаласының 11-сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге 10-11 сынып оқушылары келді.

Іс-шара барысында «Операторлық өнер» шеберханасының жетекшісі, кинооператор Тайшанов Т.Т. оқушыларға кино факультеті бойынша таныстыру экскурсиясын өткізді. Олар кино павильондарын, кинозалды, дыбыс студиясын, анимация сыныптарын аралап көрді. Сонымен қатар, оқушылар «А что, если?» атты дипломдық фильмнің түсірілім процесін тамашалады. Бұл жоба үшін арнайы кино павильонда декорация жасалған.

«Оқу киностудиясының» жетекшісі Мұрат Нұрбеков телестудияның, дыбыс жазу бөлімінің және хромакей павильонының жұмысымен таныстырды. Хромакей – кадрдағы фонды алмастыруға мүмкіндік беретін заманауи технология екені айтылды.

Кафедра меңгерушісі Бектенов С.Ж. талапкерлерге ұсынылатын мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат беріп, университетте дайындық курстарының бар екенін атап өтті. Ал «Режиссура, арт-менеджмент және операторлық өнер» факультетінің деканы Иманберген М.Р. факультетті таныстырып, болашақ түлектерге дұрыс мамандық таңдауда сәттілік тіледі. Сондай-ақ, факультет оқытушылары әрдайым кеңес беруге дайын екенін жеткізді.

Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Режиссура, арт-менеджмент және операторлық өнер» факультетінде кәсіби бағдар беру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Негізгі бағыттардың бірі – түрлі мамандықтар, оқу мүмкіндіктері және жұмысқа орналасу жолдары туралы ақпарат беру. Бұл жұмыстар университеттің ресми сайты мен әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен университет студенттері және оқытушылар арасында кездесулер ұйымдастыру да маңызды рөл атқарады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз