Табыстың іргетасы: табысты адамдардың күнделікті дағдылары

0
19
фото: google

Табыс-бір күнде, келетін сәттілік емес. Ол көзге көріне бермейтін, бірақ күн сайын қайталанатын ұсақ дағдылардың нәтижесі. Табысқа жеткен тұлғаларды біріктіретін ортақ қасиет бар – ол өмір салты мен ойлау жүйесі.

Таңды мақсатпен бастау

Әр таң – адам үшін жаңа мүмкіндік. Күнді нақты жоспрамен бастау, ерте тұру, уақытты тиімді пайдалану табысқа жеткен 60-80% тұлғалардың күнделікті дағдарысы. Себебі уақытты бағалай білген адам өмірін де басқара алады.

Үздіксіз даму

Табысты адам – “білімім жеткілікті” деп ешқашан тоқтамайды. Кітап оқуды, өз-өзін жетілдіру, күн сайын аздап алға жылжуды қалыптастырaды. Мысалы, Билл Гейтс – әлемге танымал кәсіпкер, “Microsoft” компаниясының қалаушылардың бірі. Оның табысының басты құпиялырының бірі – оқуға деген тұрақты әдеті. Ол кітапты жай уақыт өткізу үшін емес, ой-өрісін кеңейту, жаңа идея табу, өмірді тереңірек түсіну мақсатында әдетке айналдырды.

Тәртіп пен тұрақтылық

Мотивация уақытша, ал тәртіп тұрақты. Табысты адамдар шабытты күтпейді, олар әрекет етеді. Шаршаса да, көңіл-күйлері де болмаса, бастаған істі соңына дейін жеткізеді. Дәл осы тұрақтылық оларды өзгелерден ерекшелейді.

Табыс – қол жетпес арман емес, ең бастысы бастауға батылдық пен сенімділік қажет. Бүгінгі кішкентай дағды – ертеңгі үлкен жетістіктің іргетасы.

Аружан Ануарбекова, 11-сынып оқушысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз