Әр адамның өмірінде қиын сәттер мен сәтсіздіктер болады. Біріміз оны сынақ деп қабылдаймыз, біріміз бұйырып тұрғаны деп беріле саламыз. Алайда жетістікке жету үшін белгілі бір сатылардан өту керексіз. Себебі ештене өмірде оңайлықпен берілмейді.
Сәтсіздік – тоқтау ма, әлде бастама ма?
Сәтсіздік- бұл бәрінің жолында кездесетін қиындықтар мен қателіктер. Олар әркімнің өмірінде болады және одан қашып құтылу мүмкін емес. Сәтсіздік адамды әлсіз етпейді, керісінше оны ойлануға, сабақ алуға үйретеді. Қате арқылы адам не дұрыс, не бұрыс екенін түсінеді. Егер адам сәтсіздіктен қорықпай, оны тәжірибе ретінде қабылдаса, ол алға жылжиды.
Сәтсіздіктер тоқтау емес, себебі олар адамды алға жетелейтін тәжірибе береді. Қиындыққа тап болған адам өз қателігін түсініп, не дұрыс болмағанын аңғарады. Бұл келесі қадамды дұрыс жасауға көмектеседі. Егер адам әр сәтсіздіктен сабақ алса, ол бұрынғыдан ақылдырақ әрі мықтырақ болады. Сәтсіздік адамның жолын жаппайды, керісінше оған жаңа бағыт көрсетеді. Сондықтан сәтсіздіктер – алға жылжуға мүмкіндік беретін маңызды кезең.
Сәтсіздіктердің басты маңызы — олар адамның өсуіне ықпал етеді. Қиындықтар адамды төзімді, сабырлы және жауапты болуға үйретеді. Әрбір қателік адамға өз-өзін тануға мүмкіндік береді. Адам сәтсіздіктер арқылы өмірде дұрыс бағытты табады және болашақта сол қателікті қайталамауға тырысады.
Қорытындылай келе, сәтсіздік — бұл тоқтау емес, жаңа бастама. Ол адамға тәжірибе жинауға, күшті болуға және мақсатынан бас тартпауға көмектеседі. Сәтсіздіктерді дұрыс қабылдай білген адам ғана алға нық қадам жасай алады.
Толғанай Темірханова, 11-сынып оқушысы




























































