Түркияның Африндегі операциясы салдарынан 86 бейбіт тұрғын жер құшқан – БАҚ

0
87
Yenicag.ru

Сириялық БАҚ Түркияның Африндегі операциясы барысында бейбіт тұрғындар арасында зардап шеккендер мен құрбан болғандардың саны артқанын хабарлады. Ал Түркияның Әскери қызметі 447 лаңкестің көзі жойылды деп есеп берді.

Түркияның Африн аймағындағы және Алеппо провинциясының солтүстігіндегі ауыл-аймақтарда жасаған операциясы салдарынан 86 бейбіт тұрғын қаза тауып, 198 зардап шеккен. Сирия ұлттық САНА агенттігі таратқан ақпарға сәйкес, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында әйелдер, балалар мен кейуаналар бар.

Апта бойы түрік тарабының аймақты үздіксіз бомбалауы Африндегі елді-мекендер арасындағы байланыстың үзіліп, елеулі материалдық шығын келтірген, деп жазады агенттік.

27 қаңтарда Түрік әуе күштері Африндағы 42 нысанады жойды.

Еске салсақ, 20 қаңтарда Түркия бас штабы Сирияның солтүстік-батысындағы Африн аумағында қарулы сириялық күрдтерге қарсы «Зәйтүн сабағы» операциясын бастағанын мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз