Кабулда тағы да лаңкестік шабуыл:
Әскери академияға жасалған шабуылды ДАЙШ лаңкестік ұйымы өз мойнына алды.
Ауғанстан астанасында жасалған кезекті лаңкестік шабуылдың салдарынан ондаған адам жарақат алып, бес адам мерт болды.
Дүйсенбі таңертеңгі уақытта бес адамнан құралған лаңкестер Ауғанстан астанасындағы әскери академияға басып кірді. Шабуыл салдарынан көз жұмғандардың барлығы әскери қызметкерлер.
Жымысқы әрекеттерін жүзеге асырып қашып кетуді жоспарлаған олар бақылау бекетінің шегінен сытыла алмады. Атыс қарулары мен гранатоматериалдар пайдаланған лаңкестердің екеуінің көзі жойылып тағы бірі қамауға алынды.
Еске сала кетейік, сенбі күні Кабулда 103 адамның өмірін жалмаған ауқымды терракт орын алған болатын. Жедел жәрдем көлігіне жарылғыш зат орналастырған лаңкес мемлекеттік мекемелер мен шетелдік дипломатиялық өкілдер қызмет атқаратын Кабул шоссесіндегі бақылау бекетінде өзін жарып жіберді. Шабуылды «Талибан» лаңкестік ұйымы жауапкершілігіне алды.