Қазақстан мен Италия тұрмыстық қалдықтарды өңдеу саласында ынтымақтасады

0
93

Қазақстан мен Италия тұрмыстық қалдықтарды өңдеу саласында ынтымақтасатын болады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Тиісті меморандумға «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («ТКШ ҚазОрталығы» АҚ), UNIRE қалдықтарды қайта өңдеу кәсіпорындарының одағы (Италия) және «Kazwaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастық» ЗТБ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар қалдықтарды өңдеуді басқару жүйелерін құру және одан әрі дамыту, бірлескен жобалар жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, консультациялар беру және Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгергені жөнінде ұсынымдар әзірлеу, жаңа серіктестерді және қаржыландыру көздерін іздеу мен тарту, қалдықтарды кешенді өңдеуді басқару саласындағы басқа да бағыттар бойынша ынтымақтасатын болады.

Энергетика министрлігінің дерегі бойынша Қазақстанда жыл сайын қосымша 5-6 миллион тонна қатты тұрмыстық қалдық пайда болады екен. 2025 жылға қарай бұл 8 миллион тоннаға дейін өсуі мүмкін. Бұл ретте 2017 жылы қайта өңделген және кәдеге жаратылған қатты тұрмыстық қалдықтардың үлесі 9%-ды ғана құрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз