Қазақстан мен Ресей арасында ядролық энергетика саласында ынтымақтастық

0
111
ашық дереккөзден алынды

Аустрия астанасы Венада орналасқан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Бас конференциясының 61-ші сессиясы аясында Қазақстан және Ресей үкіметтері атом энергетикасы саласындағы ғылыми зерттеулер мен даму саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

ҚР Энергетика Министрлігі баспасөз орталығының хабарлауынша, тараптар сондай-ақ екі ел үкіметтері (Қазақстан Рсепубликасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен бекітілген 1995 жылғы 20 қаңтардағы ядролық оқ-дәрілерді жою бойынша өзара ынтымақтастық пен есептеулер туралы хаттамаға қол қойды.

Бұдан бөлек, атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қауымдастық өкілдерімен екіжақты кездесу өтті. Екіжақты кездесу барысында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, атап айтқанда, ядролық қауіпсіздік, ядролық технологиялар мен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері жоғары деңгейде талқыланды.

МАГАТЭ Бас конференциясының жыл сайын өтетін отырысында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бастаған Қазақстан делегациясы дәстүрлі түрде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланудағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуға қосқан еліміздің үлесі туралы баяндама жасады.

Бас конференция барысында Қанат Бозымбаев АҚШ-тың Энергетика министрі Рик Перри, Украинаның энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Игорь Насаликпен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесу барысында тараптар атом энергетикасын дамытудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Венадағы іс-шараның күн тәртібінде ядролық қаруды таратпау, болашақ энергетикалық сұранысты қанағаттандыру, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атом энергетикасы мен техникалық ынтымақтастықты қамтамасыз ету мәселелерімен қатар Агенттіктің басқа да маңызды мәселелері талқыланады.

Атап өтерлігі, 18-22 қыркүйекте Австрия астанасында МАГАТЭ Бас конференциясының 61-ші сессиясында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану аясында өтетін жыл сайынғы негізгі форум ұйымдастырылады. Конференцияға МАГАТЭ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық делегациялары қатысады.

 

Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз