Францияның оңтүстігінде орналасқан Марсель қаласының маңында француз әскерилеріне тиесілі 2 тікұшақ соқтығысып, салдарынан 5 адам қаза тапты. Бұл туралы Би би си-дің орыс тілді агенттігі хабарлайды.
Жергілікті Вар Матин (Var Matin) газеті тікұшақ апатының таңғы уақытта Carces көлі маңында болғанын жариялады.
Апат болған аймаққа жедел жәрдем және іздеу-құтқару топтары жіберілді. Le Parisien газеті тік ұшақтарда 6 адам болғанын алға тартты.
Сондай-ақ басылым бес адамның табылғанын және алтыншы адамды табу үшін іздеу жұмыстарының басталғанын жазды.
Аймақ губернаторлығы әуе кемелері ұшқыштарды дайындайтын мекемеге тиесілі екенін хабарлайды. Әзірге әуе апатының неден болғаны анықталған жоқ. Жандармерия тікұшақтар жаттығулар кезінде соқтығысып қалуы мүмкін деген болжам жасады.