«Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының баспасөз хатшысы Түркияда ұсталды

0
73
дереккөзден

«Ислам мемлекеті»* лаңкестік ұйымының мүшесі, аталған лаңкестік ұйымның бұқаралық ақпарат құралдарына жауапты сириялық Әбдулбасит Әбдулазиз Хаммуд Түркияның солтүстік-батысында Коджаэли провинциясында ұсталды.

Түріктің DHA агенттігі таратқан ақпарға сәйкес, 22 жастағы Хаммад Сириядағы Алеппо аймағынан Түркияның Хатай провинциясына заңсыз келген. Кейіннен Газиантеп арқылы Коджаэлиге енген. Агенттіктің ақпаратына сәйкес, сириялық жасанды құжаттармен пәтер жалдаған, кейіннен құқық қорғау органдарының назарына ілігіп, бақылауға алынған. Түрік құқық қорғау органдары «Ислам мемлекеті»* құрамына 4 жыл бұрын кірген Хаммудтың бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс үшін жауапты болғанын айтады. Ол сонымен қатар ұйымның акцияларына қатысты түсірілімдер жасап, ғаламторға жүктеген.

Ислам мемлекеті» – 15 қазан 2015 жылы қабылданған сот шешімі бойынша, елімізде тыйым салынған террористік ұйымдар қатарына енді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз