Шығыс Ғұтада екі тәулікте 250 адам жер құшқан

0
102
дереккөзден

Сирия үкіметі жасаған шабуылдың нәтижесінде Шығыс Ғұтада 48 сағат көлемінде 250 адамды жер құшқан. Қаза тапқандардың ішінде әйелдер мен балалар көп. Бұл туралы 20 ақпанда «Адам құқығын қорғау бойынша Сирия бақылау кеңесі» (SOHR) хабарлады.

БҰҰ таратқан ақпарға сәйкес, шабуыл салдарынан аймақта аталған екі тәулікте алты емхана қызметі тоқтатылған, Арбиндегі маңызды госпитальдердің бірі екі рет бомбаланған. SOHR аталған медициналық мекеме Ресей әскери ұшақтарының шабуыл жасаудағы басты мақсаты болғанын хабарлайды.

Құқық қорғаушылар бұл Шығыс Ғұтада 2013 жылдан бері жасалған химиялық шабуылдың ең ірісі екенін айтады.

БҰҰ Ғұтадағы жағдайға алаңдаушылық білдірді

Өз кезегінде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш сириялық бүлікшілердің қарамағындағы Шығыс Ғұтада зардап шегіп жатқандардың жайына алаңдаушылық білдірді, деп жазады Dw.com. 21 ақпан Нью-Йоркте Гуттериш Шығыс Ғұтадағы жағдайдың апатты екенін алға тартып, әуе шабуылдары және өзге де әрекеттер салдарынан 100-ден аса азаматтардың жер құшқанын (көбі балалар) атады. Дегенмен, SOHR шабуыл әрекетінен бұдан да көп адам қаза тапқанын айтып дабыл қағуда.

БҰҰ Бас хатшысы қантөгіске Сирия президенті әскерін ғана емес, Ресей авиациясын да айыптады. Гуттериш екі тарап та (Сирия Үкіметі әскері мен Ресей авиациясы) гуманитарлық құқық нормаларын және халықты құрметтеуге тиісті екендерін алға тартады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз