Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Богданов Мәскеуде жасаған мәлімдемесінде «Сирия мәселесіне қатысты жоғары дәрежелі Иран-Ресей-Түркия сыртқы ведоство басшыларының кездесуі Қазақстанның бас қаласында өтеді», деп мәлімдеген болатын.
ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов «Ресей, Иран және Түркия Сыртқы істер министрлерінің кездесуі 16 наурызда өтеді», деп хабарлады.
Түркия, Ресей және Иран лидерлері өткен жылдың қараша айында Сочиде бас қосып, Сирия дағдарысында бірге әрекет ету жөнінде шешім қабылдаған боатын. Сонымен қатар, аталған үштік – Астанада бірнеше мәрте ұйымдастырылған Сирия бейбітшілік келіссөздерінің гаранты. Астана кездесулерінде тараптар Сириядағы соғысты тоқтату туралы келіссөздер жүргізіп келеді.