2022 жылға дейін студенттер жатақханамен қамтылуы тиіс – Назарбаев

0
116

Нұрсұлтан Назарбаев білім және ғылым министрлігіне 2022 жылға дейін студенттерге арналған 25 мың орыннан кем емес жатақханалар тұрғызу жұмысын міндеттеді.

Бүгінгі Парламент палаталарының бірлескен отырысында президент әлемдік талапқа сәйкес білім жүйесін құру аясында мемлекет студенттердің білім алу жайы мен тұрғылықты жерлеріне баса назар аудару қажеттігін атады.

«Маған да, өздеріңізге де аян, көптеген қалалық емес студенттер түнеп, өмір сүру үшін қала сыртынан шағын бөлмелерді жалға алады. Мұндай жағдайда әрине, сапалы білім туралы әңгіменің болуы да мүмкін емес», деген мемлекет басшысы 2022 жылға дейін 25 мың орыннан кем емес жатақханалардың тұрғызылуын білім және ғылым министрлігіне міндеттеді. Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа жатақханалар құрылысының аяқталуы студенттерге арналған жатақхана тапшылығын жояды.

Бұдан өзге білім сапасын көтеруге байланысты бастама көтерген мемлекет басшысы 2018-2019 оқу жылында бөлінген 54 мың мемлекеттік гранттан өзге тағы 11 мың гранттың (техникалық мамандықтарға) бөліну қажеттігін атады. Бұл жаңа экономикалық өрлеу заманында қарқынға ілесе алатын мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз