Трамптың отбасын жаттықтырған қазақ

0
263

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) қазіргі президент Дональд Трамптың компаниясында алты жыл атлетик-директор болып жұмыс істеген Бауыр Кәріпов президенттің жақындарын жаттықтырғаны жайында айтып берді. Бұл туралы Baq.kz агенттігі хабарлайды.

Кикбоксинг секілді жекпе-жек түрлері мен әскери өнерді жетік меңгерген ол Америка жерінде бір-екі рет киноға да түсіп үлгеріпті. Әйтсе де, кино өнерін жатсынып, бапкерлікті жөн көрген оның жұмысына риза болған клиенттерінің арасында атақты Майкл Джексон болған. Бауырмен жаттығу жасауға ұсыныс жасаған М.Джексон, өкінішке орай, қара терге малынып, шынығудың орнына, осы залдағы би және массаждан шықпай қойған.

Дональд Трамп өзінің таныс құрбысынан Бауыр Кәріпов туралы естіп, өзінің фитнес залына аттай қалап алдырған көрінеді. Алайда гольфті көбірек жақсы көруіне байланысты Дональд Трамп фитнес залына аса бас сұға қоймапты.

Картинки по запросу бауржан карипов

Есесіне, қазақ бапкер оның әйелі Иванка Трамп, оның қыздары мен анасының бапкері болған.

«Дональд Трамп – өте еңбекқор, өз елінің нағыз патриоты, қол астындағы қызметкерлеріне жайлы», – дейді Бауыр Кәріпов.

Лифтінің алдында жолығып қалғанда Трамп оққағарларына қарата: «Бауыр ма бұл! Тезірек өткізіп жіберіңдер, мұның өзі қару ғой!», – деп қалжыңдайды екен.

Айтуына қарағанда, Бауыр Кәріповтің кеудесінде туған жерге, домбыраның үніне, ана тіліне деген сағыныш кернеп, 10 жыл бұрын Нью-Йорктегі жұмысын тастап, отанына оралған. Қазір Алматы қаласында тұрып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз