Аспан астында шектеусіз билік

0
107
/AFP

ҚХР басшысы Си Цзиньпин мемлекет басшысы лауазымына шектеусіз сайлана алады. Аталған мүмкіндік жексенбіде өткен Бүкіл қытайлық халық өкілдері отырысының 13-ші шақырылымында мақұлданды.

Аспан асты елінің негізгі заңында Си Цзиньпиннің басшылық идеялары да ұсынылып, Цзиньпинді Мао Цзе Дун және Дэн Сяопинмен бір қатарға теңестірді, деп жазады Euronews. Делегаттар алдында сөз алған Цзиньпин жаң түзетулер «жаңа дәуірде қытай спецификасымен социализмді сақтау және дамыту үшін» қажет екенін мәлімдеді.

Үш мың депутаттың тек екеуі ғана ҚХР төрағасы мен оның орынбасарының өкілеттілігін қатарынан екі мерзімде шектемеу туралы шешімге қарсы шықты. Аталған пункт кезінде ықпалды  қытайлық саясаткер Дэн Сяопиннің бастамасымен жазылған еді, Сяопиннің бастамасына сәйкес, бір адамның мемлекетті ұзақ басқаруы жеке басқа табынуға әкелуі мүмкін. Атап өтерлігі, Сяопин ҚХД төрағасы лауазымын еш уақытта атқармаған, бірақ 70-ші жылдардың соңы мен 90-шы жылдардың басына дейін Аспан асты еліндегі бар билікті қолына шоғырландырды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз