Әлемге әйгілі ағылшын физигі, ойшыл Стивен Уильям Хокинг 77 жасқа қараған шағында дүние салды. Бұл туралы Хокинг отбасы мүшелері бүгін таңертең хабарлады, деп жазады Dw.com.
Хокинг біздің дәуірдің ең әйгілі физигі, ойшылы саналатын. 1988 жылы жарық көрген «Уақыттың қысқа тарихы» еңбегі Хокингті Альберт Эйнштейн заманынан бері ең танымал ғылым қайраткерлерінің халықаралық тұлғасына айналдырды.
1960-жылдардың басында Хокингтебүйірлік амфитотрофиялық склероз белгілеріпайда болып, кейіннен сал болып қалады. Дәрігерлер ғалымның өмір сүруіне аз ғана жылдар қалды деп болжады. Дегенмен, аталған болжамдар расталмай, Хокинг 50 жыл өмір сүрді. Ғалым ғылыми жұмыстарын жалғастырып, кейіннен екі рет отбасын құрды, үш баланың әкесі атанды.