«Тәжікстан Қазақстан президентінің бастамаларын қолдайды»

0
95

Тәжікстан Қазақстан президентінің бастамаларын әрдайым қолдайды. Бұл туралы бүгін Ақордада өткен екіжақты келіссөздер барысында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мәлімдеді.

Бұдан өзге Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа биыл жиырма бес жыл толатынын атаған Тәжікстан басшысы аталған жылдар аралығында Қазақстан Тәжікстанға әрдайым қолдау көрсетіп келгенін алға тартты.

Өз кезегінде Ақордада келіссөздерді бастаған мемлекет басшысы Н. Назарбаев Тәжікстан президенті Э. Рахмонды мемлекеттік сапары барысында зор ықыласпен қарсы алғанын, бұған дейін де Тәжікстан басшысының Қазақстанда бірнеше рет мемлекеттік сапармен болғанын атап өтті. Бұдан өзге мемлекет басшысы Қазақстан мен Тәжікстан арасында өзара сенімге негізделген қарым-қатынастың барын, еш уақытта қос мемлекет арасында мәселе туындамағанын алға тартты. Екі мемлекеттің ынтымақтастық орнатқан күннен бастап бір-біріне әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқанын айтқан президент Тәжікстан басшысының бұл Қазақстанға деген жылы қарым-қатынасы екенін атап өтті. Өз кезегінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәжікстанды қай бағытта болсын қолдайтынын алға тартты.

Сафина Саид

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз