Қарағандыда тағы екі адамнан коронавирус табылды

0
77

26 наурыз күні Қарағанды қаласында тағы екі адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы кешкі сағат 21.00-де денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазақстанда қазір 111 адамға вирус жұққаны анықталды: Алматыда – 40 адам, Нұр-Сұлтанда – 61 адам, Қарағандыда – төрт адам, Шымкентте – екі адам, Алматы облысында – бір адам, Ақтөбе облысында – бір адам, Жамбыл облысында – бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам.

26 наурыз кешкісін Нұр-Сұлтанда бір әйел адам Covid-19 дертінен қайтыс болды. 25 наурызда Алматыда бір, Нұр-Сұлтанда бір науқас дертінен айыққан еді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз