Андрей Ермак деген кім? Неліктен онсыз президент Зеленскийді елестете алмайды?

0
125
photo: 5.ua

«Қарымды менеджер, нағыз патриот, тәулік бойы Украина үшін жұмыс жасауда», – дейді Украина президенті Владимир Зеленский кеңесшісі Андрей Ермак жөнінде.

BBC агенттігінде жарияланған подкастта журналистер Андрей Ермак туралы ақпаратпен бөліседі. Подкастта Андрей Ермактың Зеленскиймен танысуы, соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі әрекеті және саяси абыройы туралы сөз қозғалады, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

Андрей Ермак – Украина президенті кеңсесінің басшысы. Ол, Ресей-Украина соғысына әсер ете білген. Қазіргі таңда Ермак украиналықтар үшін президенттің қарамағындағы емес, пәрменді патриот ретінде танылған.

В офисе Зеленского признали, что зависимы от мнения США — 11.10.2022 —  Статьи на РЕН ТВ

Ермак пен Зеленский бір-бірімен саяси алаңға келмес бұрын таныс болған.

«Ермак сұхбаттарының бірінде Зеленскиймен жұмыс барысында танысқанын айтты. Ермак жұмыс істеген компания Украинаның үлкен телеканалдарының біріне заңи көмек көрсеткен. Ал, сол кезде ол телеарнаның агент-продюсері болып Владимир Зеленский жұмыс істеді», – дейді BBC журналисі Святослав Хоменко.

Подкасттағы журналистердің айтуы бойынша Ермак, президент кеңсесінің Зеленский кезіндегі алғашқы басшысы емес. Алайда, ол осы лауазымға ауысқаннан кейінгі үлкен жетістігінің бірі ретінде 2019 жылы қыркүйекте Ресеймен 35-ке 35 форматында екі жақтың тұтқындармен алмасуы болған.

Сол жылдың желтоқсан айында тағы бір үлкен іс тындырған (Норман төрттігі). Ол, Францияда сол елдің президенті Эмануэль Макрон, Германия канцлері Ангела Меркель, Украина президенті Владимир Зеленский және Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі өтуіне үлкен үлес тигізген.

О чем договорились лидеры «нормандской четверки»?

«”Норман төрттігі”— Украинаның шығысындағы жағдайды реттеу бойынша төрт ел басшыларының тобы»

Ресми ақпарат бойынша, бұл әзірге Зеленский мен Путин арасындағы алғашқы және соңғы кездесу болды.

Ермактың басты міндеттерінің бірі Киев пен Мәскеу арасындағы келіссөздерге жауап беру болды.

«Өзінің сұхбатында айтуы бойынша, ол сол түні үйіне түнгі екі шамасында келген. Бір-бір жарым сағаттан кейін әскери және барлау қызметтерінен шекарада қақтығыстар басталғанын біліп, таңғы сағат бесте жұмыс орнында болғандығы туралы айтты. Оның 24 ақпанға қараған түні жұмысынан үйіне барғандығы, оның Ресей тарапынан шабуыл күтпегенін білдіреді», – дейді журналист Хоменко.

Журналистің айтуы бойынша былтырғы жылдың 24 ақпанынан бері Андрей Ермактың жұмысындағы жауапкершіліктері артқан. Оған, президент кеңсесі басшылығынан бөлек Украинаның халықаралық қауіпсіздік жүйесін әзірлеу кіреді. Бұдан бөлек ол – Ресейге қарсы санкциялар әзірлейтін топтың басқарушыларының бірі. Оның жұмысы мұнымен шектелмеген: тұтқын алмасу бойынша келіссөздерге және Украинаға қару-жарақ жеткізу бойынша келіссөздерге қатысады. Бұлардың барлығы қазіргі таңда оның ресми түрде атқарып жатқан жұмыстары.

«Риторикалық тұрғыдан өзін Зеленскийден ажыратпайтын Андрей Ермактың, дәйексөзі бар: Егер Зеленский болмаса мен ешқашан саяси алаңға келмес едім, Зеленскиймен келдім келдім және онымен бірге кетемін», – дейді журналист Хоменко.

Зеленский связал колебания Германии в поставках оружия с нацистским прошлым  - 17.09.2022 Украина.ру

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз