4 қазанда Жапония үкіметі отставкаға кетіп, орнына либерал-демократиялық партиясының төрағасы Фумио Кишида Жапонияның жаңа премьер-министрі болып, пандемияға төтеп бере алатын министрлер кабинетін құратынын айтты. Бұл туралы Kyodo News сайты хабарлады.
Осылайша, Фумио Кишида Жапонияның жүзінші премьер-министрі атанды. Оған 465 депутаттың 311-і дауыс берді. Кишида осыған дейін сыртқы істер министрі қызметін атқарды. Ендігі кезекте Кишида, экс-пермьер-министр Есихидэ Суганың орнын басады.
Экс-пермьер-министр Есихидэнің пандемиямен күресу шараларына байланысты сыни көзқарастар көбейгеннен кейін, ол билікке жақында келгеніне қарамастан қызметінен кетті.
Оқи отырыңыз: Жапонияның жаңа премьер-министрі тағайындалды