Австрия босқындарға қатысты талаптарды күшейтті

0
49
дереккөзден

Австрия билігі мигранттарға саяси баспана беруде шараларды қиындатты. 

Австрия канцлері Себастьян Курцтың сөзінше, Австрияның босқындарға саяси баспана беру заңына өзгеріс енеді. «Біздің мақсатымыз – заңсыз миграция және босқындарға қарсы зұлымдықпен күрес», – дейді Курц.

Euronews таратқан ақпар бойынша, жаңа заңға сәйкес, Австриядан саяси баспана сұраған босқындар билікке өз мобильді телефондары мен 840 еуро өткізуге міндетті. Телефондар босқындардың ел аумағына қалай келгенін баяндайтын өтініштерін тексеруде қолданылады. Егер телефондағы геолокация мәліметтерінде босқындардың бұған дейін басқа Еуропа елдері аумағында болғаны дәлелденсе, оларды Дублин шақыртуына сәйкес, қайтадан бұрын болған еліне қайтарып жібереді.

Босқындар, сондай-ақ, Австрия азаматтығын қазіргідей 6 жылдан кейін емес, тек 10 жылдан кейін ғана алады. Азаматтық берілмеген босқындар тез арада ел аумағынан шығарылады немесе тұтқындалады. Құқық бұзғандар, соның ішінде кәмелетке толмағандар да депортацияланады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз