Үкімет басшысы Ресей елшісін қабылдады

0
30
Үкімет

Бүгін Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ҚР-дағы РФ Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты және интеграциялық өзара іс-қимыл, өңіраралық және шекара бойындағы ынтымақтастық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.

Бақытжан Сағынтаев Алексей Бородавкинді Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, жоғары және жауапты лауазымда табыстар мен жетістіктер тіледі және бұл тағайындаудың Қазақстан–Ресей ынтымақтастығын нығайтуға және дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.


Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпарға сәйкес, Ресей Қазақстанның сауда серіктестері арасында көш бастап тұр (ҚР сыртқы сауда айналымында 20,6%). 2017 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы $16 млрд құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 25,6%-ке өскен. 2018 жылдың қаңтар–ақпан айларында тауар айналымы $2,4 млрд құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ($2,3 млрд) 4,7%-ке жоғары көрсеткіш. Қазақстаннан Ресейге экспорт 2018 жылдың қаңтар–ақпан айларында 6,6%-ке өсіп, $737,3 млн құрады. РФ-тен ҚР-ға импорт 2018 жылдың қаңтар–ақпан айларында 3,9% артып, $1,7 млрд құрады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз