Қазақстандық әнші Испаниядағы байқаудан бас жүлде жеңіп алды

0
140
Қазақстандық әнші қыз Нарғыз Жанұзақова. Photo: aktobenews.kz

Қазақстандық әнші Нарғыз Жанұзақова Испанияның Малага қаласында өткен өнер байқауында гран-при жеңіп алды.

Бір аптаға созылған байқау кезінде Ақтөбе облысынан барған Нарғыз Жанұзақова қазақ тілінде Сәкен Мұсағалиевтің сөзі мен Мархаба Сәби, Назарбек Оразбековтың әніне жазылған “Қай заман” әнін орындаған.

“Алматы қаласынан оннан астам өнерпаз қатысты. Ақтөбе облысынан тек Нарғыз барды. Бұл байқауға жолдаманы “Бозторғай” конкурсында жеңіп алған болатын. Еуропаға сапарымызды облыс әкімі қолдады. Ал қызым 20 күн бойы дайындалып, байқауға үлкен жауапкершілікпен қарады. Қазақ тілінде ән шырқағанда көпшілік тәнті болып, қошеметтерін білдіріп жатты. Нарғыз байқауға қатысқан кезде міндетті түрде ана тілінде бір ән орындайды”, – деді анасы Сырғагүл Жанұзақова.

Aktobenews.kz сайтының хабарлауынша, он үш жастағы Нарғыз Жанұзақова алдағы жылы Минскте болатын байқауға шақырту алған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз