Қазақ қызы АҚШ-та лауазымды қызметке тағайындалды

0
256

Қазақ қызы Әсел Робертс (Төленова) АҚШ протоколы басшысының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми сайты хабарлады.

Әсел Джорджтаун университетінің Эммунд Уолш атындағы дипломатиялық қызмет мектебін тәмамдаған. Қазақ, орыс және жапон тілдерінде сөйлейді.

Айта кетейік, протокол басшысы – АҚШ мемлекеттік департаментінің лауазымды тұлғасы. Оның міндеті – АҚШ президенті, вице-президенті және мемлекеттік хатшысына мемлекеттік және халықаралық дипломатиялық протокол мәселелері бойынша кеңес беру.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз