BMW компаниясы логотипін өзгертті

0
473

Германиялық BMW компаниясы логотипін өзгертті. Бұл туралы компанияның Instagram желісіндегі парақшасында хабарланды.

Ескі логотип 1997 жылдан бері пайдаланылған. Компаниядағылар оның ескіргенін айтады. Жаңа белгі “сандық ғасырда” өмір сүретін жаңа ұрпақтың назарын аударуы тиіс. Авторлардың ойынша, жаңа логотип өзінің бай тарихы мен брендін одан әрі кең таратуға көмектеседі.

BMW логотипінің негізгі бөлігі бұрынғыша қалған. Өзгергені жері көк және ақ түсті шеңбер. Логотиптің жаңа элементі ретро стиліндегі қаріп. Сонымен қатар, қара логотиптің сыртқы шеңберінің түсі өзгерген. Осылайша, жаңа белгі автомобильдің түсіне байланысты әртүрлі болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз