«Ислам мемлекеті»* террористік ұйымы (ДАИШ, Қазақстанда тыйым салынған) 27 желтоқсан Санкт-Петербургтағы ойын-сауық орталығында болған жарылысқа жауапкершілікті өз мойындарына алды, деп хабарлайды ТАСС.
Зиянды элементтерден тұратын жарылғыш құрылғы Кондратьевский даңғылындағы «Гигант холл» ойын-сауық орталығының бірінші қабатында іске қосылған.
Анықталған мәліметтер бойынша, 18 адам зардап шеккен, олардың 9 ауруханада жатыр.
РФ президенті Владимир Путин болған жайтты лаңкестік әрекет деп бағамдады.
Сабина Сайлаубай