Дженинде Израиль әскері мен палестиналықтар арасында қақтығыс болды

0
37
фото: euronews

Израиль Иорданияның батыс жағалауындағы Дженин қаласында әскери операция өткізді. Әскери қақтығыста кем дегенде үш палестиналық қаза тапты, деп хабарлайды Kazaknews.kz шетелдік БАҚ бетіне сілтеме жасап.

Қақтығыста үш палестиналық қаза тауып, отызға жуық адам жарақат алған. Бұл туралы Палестина денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Израиль тарапы атыс кезінде тек бірнеше сарбаз жараланғанын хабарлады.

Израиль әскерилері дүйсенбі күні таңертең Дженинге террористік әрекетке күдіктілерді ұстау үшін арнайы операция өткізбек болған.

Израильдік бұқаралық ақпарат құралдары содырлар оқ жаудырып, әскерилерге қолдан жасалған жарылғыш заттарды лақтыра бастады деп жазады. Олардың бірі брондалған көліктің астында жарылды. Операция кезінде Израиль қорғаныс министрлігінің жауынгерлік тікұшақтары қолданылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз