Екі қазақстандық алаяқтық бабымен АҚШ-та істі болды

0
125

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі АҚШ-та екі қазақстандықтың киберқылмысқа қатысты бар деген күдікпен ұсталғанын растады.

“Ақпаратты растаймыз. Олар – біздің азаматтарымыз. Бірі – Эстонияда, бірі Малайзияда ұсталды”, – деді Астана өткен брифингіде Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

АҚШ-қа ұсталғандарды экстрадициялау туралы сұраныс жіберілген.

28 қарашада Нью-Йорк штатының прокуратурасы цирфлық жарнама саласында алаяқтық жасады деп Ресейдің – алты, Қазақстанның екі азаматы күдікке ілінгенін хабарлаған.

Прокуратура дерегінше, қазақстандықтар – Сергей Овсянников пен Евгений Тимченко және ресейлік Александр Жуков алғашқысы Малайзияда, кейінгілері Эстония мен Болгарияда ұсталған.

Азаттық радиосының хабарлауынша, іс құжаттарда айып тағылған азаматтар “алаяқ интернет-жарнамамен айналысатын” зақымдалған компьютерлер желісін жасау үшін интернет-домендер мен ондаған серверді пайдаланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз