Ким Чен Ын Ресейге барады

0
102
дереккөзден

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресейге ресми іс-сапармен баратынын растады. Бұл туралы 8 қыркүйекте журналистерге РФ Кеңесі спикері Валентина Матвиенко хабарлады.

КХДР басшысы РФ басшысы В. Путиннің Матвиенко арқылы беріп жіберген хатына жауап қайтарған. Матвиенконың сөзінше, Ким Чен Ын “бұл мәселені кейінге ысырғысы келмеді”, сол себептен жақын күндері кездесудің уақыты мен орны айқындалатын болады. Deutche Welle баслымының ақпарына сәйкес, Солтүстік Корея басшысы Путинмен екі мемлекеттің ынтымақтастық стратегиясы мен алға ілгерілеуін талқылайтын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз