Корей түбегінде шиеленіс ұлғаюда: Қос Корея әскери келісімнен шықты

0
55
фото: ankasam.org

Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы әскери келісімнің ішінара тоқтатылуынан кейін Солтүстік Корея билігі екі елдің шекарасына жақын демилитаризацияланған аймаққа әскерлері мен ауыр қару-жарақтарын орналастырды. Бұл туралы Kazaknews.kz тілшісі DW агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

22 қарашада Сеул әскери шиеленісті азайту туралы 2018 жылғы кореяаралық келісімнің бір бөлігін тоқтатқаны белгілі болды. Шешім, Солтүстік Кореяның әскери барлау спутнигін ұшыруына жауап ретінде қабылданды. Үкімет сонымен қатар шекарада барлау мен бақылауды қайта бастау туралы шешім қабылдады.

«Солтүстік Корея, Корей түбегіндегі әскери шиеленісті азайтуға және сенімді нығайтуға бағытталған 19 қыркүйектегі әскери келісімді ұстанғысы келмейтінін анық көрсетті», – дейді Оңтүстік Корея премьер-министрі Хан Док Су.

Қазіргі таңда солтүстік кореялықтар екі ел арасындағы бұрын бұзылған әскери бекеттерді қайта қалпына келтіруде. Ал, оңтүстік кореялықтар олардың әрекеттерін мұқият бақылап отырғанын хабарлады.

2018 жылы екі Корея да шиеленісті азайту және кездейсоқ соқтығысуды болдырмау туралы келісім аясында демилитаризацияланған аймақтағы 11 күзет бекетінің 10-ын жарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз