Перуда тылсым кескіндер табылды

0
156
picture alliance

Перудың Наска алқабында табылған суреттерге ұқсайтын кескіндер әлемге әйгілі. Ғалымдар Пальпа аймағынан Наска кескіндеріне ұқсас, алайда олардан да көне геоглифтерге кезікті. Зерттеушілер өңірдің ежелгі мәдениеті туралы көбірек ақпарат алуға болады деп үміттенеді, деп хабарлайды немістің Deutsche Welle басылымы.

Күрделі геоглифтер

Ғалымдар геоглифтерді барлық көркемдігімен құжаттау үшін дрондардың көмегіне жүгінеді. Адамдар мен жануарлар бейнеленген 50 геометриялық сурет анықталған. Олардың 25-і бұрын-соңды адам назарына ілікпеген.

Аңызға айналған символдар

Перудың Пальпа аймағындағы суреттерде адамдармен қатар маймылдар және бір кит кескінделген. Перудағы Католик университетінде қызмет ететін Луис Хайме Кастильо National Geographic журналына берген сұхбатында: «Суреттердің көбі жауынгерлерді бейнелейді. Оларды көзге көрінетін жерден белгілі бір қашықтықтан байқауға болатын. Көп уақыттан кейін жоқ болып кетті», – дейді.

Ежелгі өркениеттің куәгерлері

Пальпадағы суреттер мыңдаған жылдың куәсі. Барлығы дерлік б.з.д. 500 және б.з. 200 жылдары аралығында салынған. Негізінен Паракас пен Топара мәдениеттеріне жатады.

Оларды жерден көруге болады

Шөлдің ортасында орналасқан Наска кескіндерінен айырмашылығы, Пальпа суреттері көбіне тау жоталарының шеттерінде орналасқан. Бұл геоглифтерді жерден көруге болады. Жергілікті ауыл тұрғындары геоглифтердің сырына қанық.

Жасырын салт жоралары

Наска кескіндеріне қатысты жүргізілген алдыңғы зерттеулерлерге сүйенсек, геоглифтердің тууға қатысты салт жораларда кеңінен пайдаланылғаны жайлы жорамал туындайды. Сонымен қатар, ғалымдар байырғы халықтардың мұндай кескіндерді бейнелеуіне (мерзімді) климаттық ауытқулар түрткі болды деп санайды.

Перудың жергілікті мәдениетінің іздері

Пальпадағы суреттерді құжаттау арқылы зерттеушілер аймақта болған мәдениеттер туралы көбірек ақпарат аламыз деп үміттенеді. Археолог Йохани Исланың айтуынша, массивті геоглифтердің құрылуы – мың жылдар бойы жалғасқан құбылыс. Сол себепті осы суреттердің функциясы мен мағынасын ашуға мүмкіндік туындап отыр.

Бауыржан Мұқан

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз