Иран криптовалюта айналымына тыйым салды

0
128
дереккөзден

Иран Орталық банкі биткоин және т.б криптовалюталарды пайдалануға тыйым салды. Криптовалютамен жұмысқа барлық қаржы мекемелерінде және елдегі валюта айырбастау пунктерінде тыйым салынды, деп жазады forklog.com.

Елдің орталық банкі жасаған мәлімдемеге сәйкес, виртуалды валюталар – ақша жылыстату, лаңкестікті қолдау және арам ойдағылардың өзара жымысқы төлемдерін жүзеге асыру құралы.

Еске салсақ, ақпанның соңында Иран билігі АҚШ салған санкцияларға басыбайлықтан арылтатын ұлттық цифрлық валюта құру жоспарын мәлімдеген еді. Бұл туралы елдің ақпараттық технологиялар және байланыс министрі Мұхаммед Азари Джароми мәлімдеді. Джаромидың айтуынша, аталған бастама Иранның Пошта банкі арқылы жүзеге асады. Жақын күндері Иранның банк мекемелері криптоплатформа жасақтау үшін тендер ұйымдастырады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз